Қазақстан маркетологтарының Қауымдастығы үкіметке елдің даму перспективасын анықтауда маркетингтік әдістерді көбірек қолдануды ұсынбақ - kaz.caravan.kz
  • $ 443.35
  • 475.54
+9 °C
Алматы
2024 Жыл
27 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстан маркетологтарының Қауымдастығы үкіметке елдің даму перспективасын анықтауда маркетингтік әдістерді көбірек қолдануды ұсынбақ

Қазақстан маркетологтарының Қауымдастығы үкіметке елдің даму перспективасын анықтауда маркетингтік әдістерді көбірек қолдануды ұсынбақ

Қазақстан маркетинг Қауымдастығы үкіметке елдің даму перспективасын анықтауда маркетингтік әдістерді көбірек қолдануды ұсынбақ. Бұл туралы Қазақстан маркетологтары Қауымдастығының вице-президенті Гүлмира Жүсіпова KZ-today тілшісіне хабарлады.

  • 19 Маусым 2003
  • 685
Фото - Caravan.kz

Г.Жүсіпованың пікірінше, Қазақстандағы экономикалық даму бағдарламалары, соның ішінде жобасы жуырда ғана жасалған индустриялық даму бағдарламасында нарықты зерттеудің белгілі әдіс-тәсілдері қолданылмаған, соған байланысты олар республиканың ішкі рынок ахуалымен сабақтастырылмаған. Экономикалық даму бағыттары тек қана қаржылық, макроэкономикалық және статистикалық көрсеткіштер негізінде ғана анықталған, ал бұл нарықтық экономика ахуалында жеткіліксіз дейді Г.Жүсіпова.

Оның пікірінше, мұндай жағдайға әсер етіп отырған себептердің бірі — ҚР статистика жөніндегі агенттігі әзірлейтін статистикалық есептердің еліміздегі рынок пен кәсіпорындарды зерттеу қызметтерінің әжетіне жарамауы болмақ. Сол себепті Алматыда өткен «Қазақстандық бизнестегі маркетинг ролі» тақырыбындағы дөңгелек үстелге қатысушылар ҚР статистика жөніндегі агенттігіне мемлекеттік статистиканы бизнес пен экономиканың мүддесіне жақындатып, жетілдіру жөнінде ұсыныс-хат жолдауды ұйғарды.

Соңғы жаңалықтар