Қазақстан мектептерінде 16 наурыздан бастап каникул басталады - kaz.caravan.kz
  • $ 542.29
  • 629.54
+31 °C
Алматы
2025 Жыл
13 Тамыз
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстан мектептерінде 16 наурыздан бастап каникул басталады

Қазақстан мектептерінде 16 наурыздан бастап каникул басталады

Қазақстанның орта білім беру мекемелерінде коронавирустың тарауына байланысты 16 наурыз - 5 сәуір каникул болады.

  • 12 Наурыз 2020
  • 133
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа-порталы Тengrinews.kz-ға сілтеме жасап хабарлады.

"ДҰҰ пандемия деп жариялады. ҚР президенті нақты тапсырма берді. Алдымен 13 наурыздан бастап іс-шаралара өткізілмейді. Сауда, вокзсалдар, санитарлық күщейеді. Орта білім беру 16 наурыз — 5 сәуір каникул болады", — деді премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов.

Айта кетейік, бұған дейін Президент Қасым-Жомарт Тоқаев коронавирус пандемиясына қатысты мәлімдеме жасады.

"ДДСҰ коронавирусты пандемия деп жариялады. Үкімет арнайы алдын алу шараларын қолға алады. Қоғамдық іс-шаралар уақытша тоқтатылады. Азаматтар азық-түлікпен және ең қажетті тауарлармен үздіксіз қамтылады. Шағын және орта бизнес зардап шекпеуі тиіс", — деп жазды Тоқаев Twitter желісіндегі парақшасында.


Еске салайық, мұның алдында Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы жаңа коронавирусты пандемия деп жариялады. "Біз COVID-19 пандемия ретінде сипатталуы мүмкін деген бағалауға келдік", — делінген еді ұйымның Twitter-дегі парақшасында.

Перейти к новостям спорта