Қазақстан мектептерінде алты күндік оқыту қалдырылатын болды
![]() |
Жақын болашақта Қазақстан мектептері алты күндік оқытудан бас тартпайды. |
Бұл туралы zakon.kz порталында өткен «Министрге сұрақ қой» атты онлайн-конференцияда ҚР Білім және ғылым министрі Аслан Сәрінжіпов мәлім етті.
Интернет пайдаланушылардың бірі конференция барысында министрге «Қазақстанда 2016 жылдың 1 қаңтарынан бастап, мектептерде сенбі күнгі сабақтар шынымен алып тасталады ма?» деген сауал жолдаған болатын.
«Бүгінде 6 күндік оқытуды алып тастау мәселесі тұрған жоқ. Қандай да бір өзгертулер тек жергілікті органдардың шешімімен ғана енгізілуі мүмкін», - деп атап өтті А. Сәрінжіпов.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін