Қазақстан мектептерінде соңғы қоңырау мен қорытынды емтихандарды алып тастау ұсынылды - kaz.caravan.kz
  • $ 448.81
  • 476.82
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
16 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстан мектептерінде соңғы қоңырау мен қорытынды емтихандарды алып тастау ұсынылды

Қазақстан мектептерінде соңғы қоңырау мен қорытынды емтихандарды алып тастау ұсынылды

Мәжіліс депутаты Жұлдыз Сүлейменова бітіруші сыныптардан қорытынды аттестаттау емтихандарын және түлектерге арналған соңғы қоңырауды алып тастауды ұсынды.

  • 12 Мамыр 2021
  • 172
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы  Caravan/kz порталы  Tengrinews.kz — ке сілтеме жасап хабарлады.

2021 жылдың 28 мамырында 9, 11-сынып оқушыларына қорытынды аттестаттау басталады. Жұлдыз Сүлейменова депутаттық сауалында оқушылар, мұғалімдер мен техникалық қызметкерлер үй-жайларда ұзақ уақытқа жаппай жиналатынын, өйткені емтихандардың ұзақтығы екіден бес сағатқа дейін екенін айтты. Екінші жағынан, 2021 жылы елде 264 469 оқушы 9-сыныпта үш емтихан, ал 11-сыныпта 154 816 оқушы төрт емтихан тапсырады. Осылайша 400 мыңнан аса оқушыда COVID-19 жұқтыру қаупі жоғары болады.

"Аралас оқыту кезінде оқушылар вирус жұқтырған жағдайлар болды. Сондықтан қорытынды аттестаттау мен 25 мамырға арналған салтанатты жиындарды өткізуді балалардың денсаулығы үшін артық және негізсіз тәуекел деп санаймыз.

Осыған байланысты, 9, 11-сыныптарда қорытынды аттестаттауды алып тастауды және 2020-2021 оқу жылының жылдық бағалары негізінде қорытынды баға қоюды ұсынамыз. Мұндай тәжірибе бар. Былтыр коронавирус пандемиясына байланысты Білім және ғылым министрінің бұйрығына сәйкес 9,11-сынып қорытынды аттестаттаудан өткен жоқ. Қорытынды оқу жылының жылдық бағалары негізінде қойылды. Сондай-ақ, 9, 11-сынып оқушыларына соңғы қоңырауды офлайн өткізуді болдырмауды ұсынамыз. Аттестаттау нәтижелері оқушылардың колледждер мен жоғары оқу орындарына түсуіне еш әсер етпейді", — деді депутат премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжановқа.

Ол пандемия және қашықтан оқыту жағдайында қорытынды аттестаттауды өткізуде тиісті нормативтік актілерге өзгерістер енгізуді және икемді тәсілдерді регламенттеуді ұсынды.


"Сонымен қатар, 6 мамырда ҰБТ басталды. Жергілікті атқарушы билік органдары бас санитария дәрігерлермен бірлесіп, ҰБТ тапсыру пункттерінде санитарлық-эпидемиологиялық талаптардың сақталуына мониторингтік топтар жұмысының тиімділігін арттыру бойынша жауапкершілікті күшейтсін.

ҰБТ тапсыру пункттерінің "бір тестіленуші — бір компьютер — бір камера" қағидаты бойынша оқушыларды қабылдауға дайындығы және санитарлық-эпидемиологиялық талаптардың, оның ішінде қашықтық талаптарының сақталуы, жеке қорғаныс құралдарының, санитайзерлердің болуы, желдету жүйелерінің жарамдылығы туралы ақпаратты қосымша сұраймыз", — деген талап қойды депутат.

Соңғы жаңалықтар