Қазақстан мен АҚШ-тың мемлекет пен жекеменшік әріптестік жөніндегі бастамасы қазақстан-американ экономикалық ынтымақтастығын жаңаша деңгейге көтереді - kaz.caravan.kz
  • $ 470.8
  • 545.99
+10 °C
Алматы
2026 Жыл
23 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстан мен АҚШ-тың мемлекет пен жекеменшік әріптестік жөніндегі бастамасы қазақстан-американ экономикалық ынтымақтастығын жаңаша деңгейге көтереді

Қазақстан мен АҚШ-тың мемлекет пен жекеменшік әріптестік жөніндегі бастамасы қазақстан-американ экономикалық ынтымақтастығын жаңаша деңгейге көтереді

Астана. 17 сәуір. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстан мен АҚШ-тың мемлекет пен жекеменшік әріптестік жөніндегі бастамасы қазақстан-американ экономикалық ынтымақтастығын жаңаша деңгейге көтереді. Қазақстан Республикасының премьер-министрі Кәрім Мәсімовтің АҚШ-тың Қазақстан Республикасындағы Елшісі Джон Ордвеймен және АҚШ-тың Сауда палатасының Қазақстандағы өкілдігінің президенті Кеннет Макпен кездесуі барысында осындай пікір айтылды,- деп хабарлайды агенттік үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

  • 17 Сәуiр 2008
  • 442
Фото - Caravan.kz

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, кездесуде мемлекеттік-жекеменшік әріптестік (МЖӘ) арқылы қазақстан-американ экономикалық ынтымақтастығын дамыту перспективасы талқыланды.

К. Мәсімов «МЖӘ қазақстан-американ бастамасы ұзақ мерзімдік первпективада өзара тиімді экономикалық ынтымақтастықты дамытуды жалғастыруға көмектеседі» деп атап өтті.

Тараптар екі елдің үкіметтері мен бизнес-қоғамдастығы жүзеге асыратын аталған бағдарламаны қолға алуға мүделілік танытып отырғанын жеткізді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті