Құжатқа мемлекеттік құпияларды қорғау шараларының жүйесін одан әрі жетілдіру және ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында қол қойылды.
Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, келісімге Қазақстан жағынан ҚР ҰҚК төрағасы, генерал-лейтенант Амангелді Шабдарбаев, Беларусь жағынан — Мемлекеттік қауіпсіздік комитетінің төрағасы, генерал-майор Вадим Зайцев қол қойды.
Сондай-ақ, антитеррорлық орталықтардың желісімен өзара ынтымақтасу туралы мекемеаралық хаттамаға қол қойылды.
Баспасөз қызметінің хабарлауынша, келіссөздер барысында Қазақстан мен Беларусь қауіпсіздік органдарының жетекшілері халықаралық лаңкестікке, есірткі саудасы мен трансұлттық қылмысқа қарсы тұру мен арнаулы қызметтердің басқа да жұмыс бағыттары бойынша өзара қызығушылық тудыратын кең көлемді мәселелер топтамасын талқылады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті