Қазақстан мен Чехия арасында бекітілген келісімдердің жалпы құны 250 млн доллардан асты - kaz.caravan.kz
  • $ 443.35
  • 475.54
+9 °C
Алматы
2024 Жыл
27 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстан мен Чехия арасында бекітілген келісімдердің жалпы құны 250 млн доллардан асты

Қазақстан мен Чехия арасында бекітілген келісімдердің жалпы құны 250 млн доллардан асты

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Чехияға ресми сапары барысында жалпы құны 250 млн доллардан асатын келісімдерге қол қойылды, деп хабарлайды мемлекет басшысының баспасөз қызметі.

  • 24 Қазан 2012
  • 324
Фото - Caravan.kz

«Осы сапар барысында бекітілген келісімдер екі ел арасындағы сауда-экономикалық байланыстарды дамытуға серпін береді деп үміттенемін. Қазақстан-Чехия бизнес-форумында жалпы құны 250 млн доллардан келісімдерге қол қойылды. Мен мұны осы жолғы сапардың басты жетістігі деп білемін», — деді Н.Назарбаев бизнес-форумда, деп хабарлайды баспасөз қызметі.

Президент сондай-ақ, Қазақстанның «технологиялық және өнеркәсіп парктерін құруда чех тәжірибесін пайдалануға, өзара тиімді инвестициялық жобаларды жүзеге асыруға мүдделі» екендігін атап өтті.
Н.Назарбаев чех іскерлерін мемлекеттік индустриаландыру бағдарламасын жүзеге асыруға атсалысуға және 2013 жылы мамырда өтетін алтыншы Астана экономикалық форумына қатысуға шақырды.

Соңғы жаңалықтар