Қазақстан мен Еуроодақ стратегиялық әріптестік туралы құжатқа қол қойды - kaz.caravan.kz
  • $ 471.77
  • 547.25
+25 °C
Алматы
2026 Жыл
21 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстан мен Еуроодақ стратегиялық әріптестік туралы құжатқа қол қойды

Қазақстан мен Еуроодақ стратегиялық әріптестік туралы құжатқа қол қойды

Премьер-министр өз сөзінде жаңа меморандумның маңызын атап өтті.

  • 8 Қараша 2022
  • 7
Фото - Caravan.kz

Қазақстан мен Еуропалық Одақ тұрақты шикізат, батареялар және "жасыл" сутек құны тізбегі саласындағы стратегиялық әріптестік бойынша өзара түсіністік туралы меморандумды бекітті, — деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы Tengrinews.kz -ке сілтеме жасап. 

Құжатқа Мысырда Климаттың өзгеруі жөніндегі жаһандық конференцияның (COP27) Әлем көшбасшылары саммиті аясында ҚР премьер-министрі Әлихан Смайылов пен Еуропалық комиссия Президенті Урсула фон дер Ляйен қол қойды.

"Құжатқа қол қою Қазақстанның ЕО өнеркәсіптік альянстарымен қаржылық және технологиялық ынтымақтастығын орнатуына жағдай жасайды. Жалпы, біздің еліміз Еуропалық бизнес үшін тартымдылығы жоғары қажетті факторлардың бәріне ие, оның ішінде әртараптандырылған энергия көздері мен жоғары транзиттік-көліктік әлеует бар", — деді Әлихан Смайылов.

Сондай-ақ, ол Еуропалық Одақ — Қазақстанның ең ірі және маңызды сауда серіктесі болып қала беретінін, еліміздің сыртқы саудадағы үлесінің шамамен 30 пайызы Еуроодаққа тиесілі екенін айтты.


"Сонымен қатар, бүгінде инвестициялық ынтымақтастықты арттыру және өзара сауда көлемін ұлғайту бойынша айтарлықтай әлеует барын көріп отырмыз", — деді премьер-министр.