Қазақстан мен Еуропалық Одақтың арасында екі жақты қарым-қатынастардың берік негізі жасалған - ЕК өкілдігінің басшысы - kaz.caravan.kz
  • $ 470.8
  • 545.99
+9 °C
Алматы
2026 Жыл
23 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстан мен Еуропалық Одақтың арасында екі жақты қарым-қатынастардың берік негізі жасалған - ЕК өкілдігінің басшысы

Қазақстан мен Еуропалық Одақтың арасында екі жақты қарым-қатынастардың берік негізі жасалған - ЕК өкілдігінің басшысы

Астана. 17 сәуір. "Қазақстан Бүгін" - Бүгінде Қазақстан мен Еуропалық Одақтың арасындағы ынтымақтастықтың одан әрі жемісті дамуына мүмкіндік туғызатын екі жақты қарым-қатынастардың берік негізі жасалған. Бұл туралы бүгін Еуропалық Комиссияның Қазақстандағы және Орталық Азиядағы өкілдігінің басшысы Адриаан Ван дер Меер Қазақстан Республикасының премьер-министрі Кәрім Мәсімовпен кездесуде атап өтті,- деп хабарлайды агенттік үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

  • 17 Сәуiр 2008
  • 519
Фото - Caravan.kz

А. Ван дер Меер Қазақстан басшылығына оның Қазақстандағы қызметіне қолдау және көмек көрсеткені үшін алғысын айтты.

ЕК өңірлік өкілдігінің басшысы республикамыздың Дүниежүзілік сауда ұйымына кіру мәселесін талқылау үшін ЕО-ның сауда жөніндегі комиссары Питер Мендельсонның биылғы жылғы маусымға жоспарланған ресми сапарынан құлағдар етті.

«Біз Қазақстанның аталған ұйымға кіруі жөніндегі келіссөздерді аяқтай аламыз деп үміттенемін»,- деді А. Ван дер Меер.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті