Жарияланды: 390

Қазақстан мен Германия сауда-экономикалық ынтымақтастық жөніндегі үкіметаралық жұмыс тобының 5-ші отырысының соңында бірлескен екі мәлімдемеге қол қойды

Қарағандыда өткен сауда-экономикалық ынтымақтастық жөніндегі үкіметаралық жұмыс тобының бесінші отырысының қорытындысы бойынша Қазақстан мен Германия бірлескен екі мәлімдемеге қол қойды.

Бұл туралы Үкіметаралық жұмыс тобының тең төрағасы, индустрия және жаңа технологиялар бірінші вице-министрі Альберт Рау мәлім етті. Отырыстың ең соңғы бөлімі жабық түрде өтті. «Біз ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі мен ГФР Экономика және сауда федералды министрліктері арасындағы ынтымақтасықты дамыту туралы екі бірлескен мәлімдемеге қол қойдық. Мәлімдеменің бірі теміржол техникасы өндірісін дамыту саласындағы ынтымақтастыққа қатысты. Екінші мәлімдеме геология және кен істері саласындағы ынтымақтастыққа қатысты мүдделілік туралы», - деді Үкіметаралық жұмыс тобының бесінші отырысы соңында А.Рау.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін