Қазақстан мен Индонезия арасында тікелей әуе рейсі ашылатын болды - kaz.caravan.kz
  • $ 486.47
  • 554.77
+24 °C
Алматы
2026 Жыл
27 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстан мен Индонезия арасында тікелей әуе рейсі ашылатын болды

Қазақстан мен Индонезия арасында тікелей әуе рейсі ашылатын болды

Индонезия Көлік және коммуникация министрлігі Әуе көлігі басқармасының директоры Джоко Мурджатмоджо мен ҚР ККМ Азаматтық авиация комитеті төрағасының орынбасары Серік Мұхтыбаев екі ел арасындағы жаңа тұрақты рейстерді ашуға мүмкіндік беретін Өзара түсіністік жөніндегі меморандумға қол қойды.

  • 30 Маусым 2014
  • 570
Фото - Caravan.kz


Аталған құжат бойынша белгіленген әуе тасымалдаушылар әр тараптан аптасына 5 ретке дейін жиілікпен тұрақты рейстер орындай алады, деп хабарлады ҚР Көлік және коммуникация министрлігінің баспасөз қызметі.

Оның ішінде, индонезиялық әуе тасымалдаушылар Астана мен Алматы қалаларына Индонезияның барлық пунктерінен, ал қазақстандық әуе тасымалдаушылар Джакарта мен Денсапар (Бали аралы) қалаларына Қазақстанның кез келген өңірінен рейстер ашуға рұқсаты бар. Оның ішінде қазақстандық әуе тасымалдаушылар 2014-2015 жылғы күзгі-қысқы навигация мерзімінде Алматы — Денсапар бағыты бойынша рейс ашуға ниет білдіруде.