Қазақстан мен Израиль мемлекеттерінің сауда-экономикалық ынтымақтастығы жөніндегі үкіметаралық комиссияның 5-ші отырысы елімізде желтоқсан айында өтеді - kaz.caravan.kz
  • $ 470.17
  • 547.47
+6 °C
Алматы
2026 Жыл
15 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстан мен Израиль мемлекеттерінің сауда-экономикалық ынтымақтастығы жөніндегі үкіметаралық комиссияның 5-ші отырысы елімізде желтоқсан айында өтеді

Қазақстан мен Израиль мемлекеттерінің сауда-экономикалық ынтымақтастығы жөніндегі үкіметаралық комиссияның 5-ші отырысы елімізде желтоқсан айында өтеді

Алматы. 5-қараша. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстан мен Израиль мемлекеттерінің сауда-экономикалық ынтымақтастығы жөніндегі үкіметаралық комиссияның 5-ші отырысы елімізде желтоқсан айында өтеді. Бұл туралы "Қазақстан Бүгін" агенттігіне Қазақстан Республикасының Израиль еліндегі елшілігі хабарлады.

  • 5 Қараша 2007
  • 498
Фото - Caravan.kz

Елшілік ақпаратына сүйенсек, алдағы отырыс мәселелері Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда вице-министрі Қуандық Бейсенбаевтың Израильге сапары барысында Израильдің премьер-министрінің орынбасары, индустрия, сауда және еңбек министрі Элиаху Ишаймен кездесуі кезінде талқыланған.

Тараптар комиссия жұмысы Қазақстан мен Израиль арасындағы экономикалық қатынастарды айтарлықтай жандандыруға мүмкіндік береді деген қорытындыға келген. Мұндағы басты рөл Қазақстан Республикасындағы «Қазына» тұрақты даму қоры жетекшілігіндегі даму институттарына беріліп отыр.

Сонымен қатар, кездесу барысында екі мемлекеттің арасындағы екіжақты сауда-экономикалық ынтымақтастықтың жағдайы мен алдағы жоспарлары талқыланған.

Елшіліктің хабарлағанындай, Қ. Бейсенбаевтың 30-қазан мен 2-қарашаның аралағында болған сапарының басты мақсаты экспорт және халықаралық ынтымақтастық салаларындағы 6-шы конференцияға қатысу болған. Сапардың маңызды тақырыптарының бірі индустриялық және инновациялық саясат саласындағы Израиль жинақтаған бай тәжірибені зерттеу болған. Осы мақсатта «Тефен», «Бар-Лев» және «Атидим» секілді Израильдің жетекші индустриялық және инновациялық парктеріне шолу сапарлары ұйымдастырылды.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті