Қазақстан мен Корея Президенттері «жасыл қалашық» құру уағдаластығына қол жеткізді - kaz.caravan.kz
  • $ 486.47
  • 554.77
+33 °C
Алматы
2026 Жыл
28 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстан мен Корея Президенттері «жасыл қалашық» құру уағдаластығына қол жеткізді

Қазақстан мен Корея Президенттері «жасыл қалашық» құру уағдаластығына қол жеткізді

Қазақстан мен Корея Президенттері «жасыл қалашық» құру уағдаластығына қол жеткізді.

  • 19 Маусым 2014
  • 517
Фото - Caravan.kz

 Бұл туралы бүгін елімізге алғашқы мемлекеттік сапармен келген Корея Республикасының Президенті Пак Кын Хе Ақордада Елбасы Н.Назарбаевпен кеңейтілген құрамдағы келіссөздерден кейінгі бірлескен мәлімдемесінде айтты.

«Мұнай энергетикасы  дәуірінің  тәмамдалуына дайындала отырып, біздер энергия тиімділігін арттыру, ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстардың мемлекеттік ақпараттық жүйесін және «жасыл қалашық» құру сынды салалардағы жобаларды алға жылжытуға уағдаластық», — деді Пак Кын Хе.

Сонымен қатар Корея Президенті Қазақстан тарапына темір жолдарды жаңғырту саласындағы ынтымақтастықты жандандыруға ұсыныс жасағандығын атап өтті.