Қазақстан мен Коста-Рика визасыз режим туралы келісімге қол қоймақ - kaz.caravan.kz
  • $ 464.72
  • 496.32
+25 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстан мен Коста-Рика визасыз режим туралы келісімге қол қоймақ

Қазақстан мен Коста-Рика визасыз режим туралы келісімге қол қоймақ

Қазақстан мен Коста-Рика жуық арада екі ел азаматтарының визасыз сапарлауына мүмкіндік беретін келісімге қол қоймақ.

  • 23 Қазан 2015
  • 793
Фото - Caravan.kz


СІМ баспасөз қызметінің хабарлауынша,  бейсенбі күні Қазақстан Сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысов коста-рикалық əріптесі Мануэль Гонсалес Санспен осындай келісімге келді.
Бүгінгі күнге дейін Қазақстан мұндай келісімді Латын Америкасындағы Эквадор, Бразилия жəне Аргентина елдерімен бекіткен болатын.
"Қазақстандықтар арасында Латын Америкасына деген қызығушылық артып келеді. Арада əуе қатынасы да жолға қойылған. Сіздің еліңіз демалуға жайлы əрі қауіпсіз. Осыны ескерсек болашақта Қазақстаннан Коста-Рикаға баратын туристер саны артады деп үміттенеміз", – деді Е.Ыдырыов кездесуде.

Соңғы жаңалықтар