Қазақстан мен Люксембург Үкімет басшылары келіссөздер өткізді - kaz.caravan.kz
  • $ 470.8
  • 545.99
+12 °C
Алматы
2026 Жыл
22 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстан мен Люксембург Үкімет басшылары келіссөздер өткізді

Қазақстан мен Люксембург Үкімет басшылары келіссөздер өткізді

Бүгін ҚР Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов пен Люксембург Премьер-Министрі Ксавье Беттель  кеңейтілген құрамдағы келіссөздер өткізуде.

  • 21 Мамыр 2015
  • 339
Фото - Caravan.kz

Келіссөздер барысында ҚР Үкімет басшысы  К.Беттельмен алғаш рет Давоста кездесіп, Қазақстанға шақырғанын әрі сол шақыруын қабыл алып, келгені үшін ризашылығын білдірді.

Өз кезегінде Люксембург Үкімет басшысы Давоста К.Мәсімовпен өткізген кездесуін жоғары бағалайтындығын атап өтті.

«Бүгінгі кездесу біздің байланыстарымызды тереңдете түсуге жақсы мүмкіндік береді. Бізбен бірге Николья Маккель де келіп отыр. Ол Қазақстанға инвестиция салу мәселелерімен айналысады. Мен біздің барлық саладағы ынтымақтастық әлеуетіміз жоғары екендігіне сенімдімін»,-  деді К.Беттель.

Айта кетейік, келіссөздер қорытындысы бойынша екі ел арасында бірқатар құжатқа қол қойылмақ.