Қазақстан мен Мадагаскар арасында өзара түсіністік жөніндегі меморандумға қол қойылды - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+9 °C
Алматы
2024 Жыл
18 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстан мен Мадагаскар арасында өзара түсіністік жөніндегі меморандумға қол қойылды

Қазақстан мен Мадагаскар арасында өзара түсіністік жөніндегі меморандумға қол қойылды

12-13 қараша аралығында Мадагаскар Республикасының Сыртқы істер министрі Пьеро Раджаонаривеллонның Астанаға алғашқы ресми сапары өтуде.

  • 13 Қараша 2012
  • 379
Фото - Caravan.kz

Бұл жайында дәстүрлі апталық брифингте ҚР Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Алтай Әбибуллаев мәлім етті.

Оның сөзіне қарағанда, тараптар 2012 жылы дипломатиялық қарым-қатынастар орнағанына 20 жыл толуын атап өтті.

Сапар аясында қазақстан-мадагаскар екіжақты және көпжақты санаттағы ынтымақтастықтың ахуалы мен одан әрі даму болашағын талқылау мақсатында ҚР Сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысовпен, Экономикалық даму және сауда министрі Ерболат Досаевпен, Ауыл шаруашылық министрі Асылжан Мамытбековпен кездесулері өтті.

«Екі елдің сыртқы саяси ведомство басшылары келіссөздерінің қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасы мен Мадагаскар Республикасы арасындағы Өзара түсіністік жөніндегі меморандумға қол қойылды»,-деді ресми өкіл.

Соңғы жаңалықтар