Жарияланды: 610

Қазақстан мен Малайзия мемлекет басшылары өзара тиімді ынтымақтастық бағыттарын талқылады

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев пен Малайзияның бас билеушісі Саид Сираджуддин Ибни Аль-Мархум Туанку Саид Путра Джамалуллаил Янг Ди-Пертуана Агонга XII бүгін, 12-қыркүйекте Астанада өткен келіссөздер барысында екі ел арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастық мәселелерін талқылады,- делінген ҚР президенті әкімшілігінің баспасөз қызметінен таратылған хабарламада.

Мемлекет басшылары бұл саладағы екі елдің әлеуеті әлі де сарқылған жоқ деп мәлімдеді. Мәселен, 2002-жылы Қазақстан мен Малайзия арасындағы тауар айналымы небәрі 12,8 млн. долларды құраса, бұл сан аясындағы Қазақстан экспортының үлес салмағы 2,6 млн. долларды, ал импорты 10,2 млн. долларды құрады. Тараптардың пікірінше, екі жақты сауда-экономикалық байланыстардың келешегі бар бағыттары ретінде металлургия, химия өнеркәсібі, тау-кен және ауылшаруашылығы өнеркәсіптерін атауға болады. Елбасының атап көрсетуінше, екі ел арасындағы сауда-саттық қатынастарды дамытуда Қазақстан мен Малайзияның Ұлттық компанияларының қатысуымен бірлесе жүзеге асырылатын, екі ел үкіметі қолдаған жобалар тиімді катализатор ролін атқарады. Осыған орай Н.Назарбаев Малайзияның Ұлттық мұнайгаз компаниясы "Петронасты" өзара тиімді ынтымақтастыққа шақырды. Сондай-ақ, Қазақстан тарапынан екі елдің ғылыми инститтуттары, соның ішінде аэроғарыш салалары арасындағы өзара пайдалы ынтымақтастыққа мүдделілік танытылды. Н.Назарбаев малайзиялық тұңғыш ғарышкерді Ресеймен бірлесе отырып ғарышқа ұшыруға бағытталған бағдарламаға Қазақстанның айрықша мән беретінін, бұл жобаның табысты жүзеге асуына тілектестігін білдірді. Сондай-ақ, өзара әңгіме-дүкен барысында тараптар білім беру, ғылым және жиҺаркездік саласындағы болашақ ынтымақтастық мәселесіне баса назар аударды. ҚР президенті әкімшілігінің баспасөз қызметінен хабарлағанындай, келіссөздер аяқталғаннан кейін Қазақстан Республикасы мен Малайзия арасындағы бірлескен коммюнике қабылданды.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін