Жарияланды: 460

Қазақстан мен Монғолияның Монополияға қарсы күрес мекемелері өзара ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды

Алматы. 20 қараша. "Қазақстан Бүгін" - ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің төрағасы Нұрлан Алдабергенов 2008 жылдың 18-19-қарашасында Монғолияның Әділетсіз бәсекелестікті реттеу агенттігінің шақыруымен осы елдің астанасы Ұлан-Баторда сапармен болып қайтты. Сапар соңында екі елдің реттеуші органдарының басшылары өзара ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды, деп хабарлайды агенттік тілшісі ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің

баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, сапар барысында Монғолия үкіметінің бірінші вице-премьері Норовын Алтанхуягпен, Монғолия парламентінің депутаттарымен, Монғолияның Әділетсіз бәсекелестікті реттеу агенттігінің төраағсы Мандах Дашдоржмен және реттеуші орган қызметкерлерімен ресми кездесулер өткізілді. Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін