Қазақстан мен Өзбекстан аралығында халықаралық пойыз жүре бастайды - kaz.caravan.kz
  • $ 486.47
  • 554.77
+27 °C
Алматы
2026 Жыл
29 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстан мен Өзбекстан аралығында халықаралық пойыз жүре бастайды

Қазақстан мен Өзбекстан аралығында халықаралық пойыз жүре бастайды

«Жолаушылар тасымалы» биыл қосымша жүрдек пойыздардың бес бағдарын іске қосады.

  • 6 Маусым 2014
  • 448
Фото - Caravan.kz


Бұл туралы бүгін «Туризм күнін қолдау» тақырыбындағы дөңгелек үстелде «Жолаушылар тасымалы» АҚ-ның атқарушы директоры Асылхан Қалдыкөзов мәлім етті.

«Біздің жұмысымыздың негізгі бағыттарының бірі жүрдек жолаушылар қозғалысын дамытуға арналған. Астанада жолаушылар вагонын өндіру бойынша «Тұлпар» зауыты іске қосылғанын білесіздер. Бүгінде компания 300-ден астам вагонды сатып алды. 2020 жылға дейін 1 мыңнан астам жолаушылар вагонын сатып алу көзделіп отыр», — деді ол.

Атқарушы директордың сөзіне қарағанда, бүгінде жүрдек қозғалыстардың санын арттыру аясында «Алматы-Петропавл», «Астана-Ақтөбе», «Алматы-Атырау» және «Астана-Атырау» бағдарлары іске қосылды.

«Жоспар бойынша биыл қосымша бес бағдар қосылады. Тамызда «Тұлпар-Тальго» вагондарынан жасақталған «Алматы-Ташкент» халықаралық пойызын іске қосу жоспарланып отыр», — деді А.Қалдыкөзов.