Қазақстан мен Өзбекстан арасында қатынайтын пойыз билеті арзандайды - kaz.caravan.kz
  • $ 441.58
  • 480
+19 °C
Алматы
2024 Жыл
17 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстан мен Өзбекстан арасында қатынайтын пойыз билеті арзандайды

Қазақстан мен Өзбекстан арасында қатынайтын пойыз билеті арзандайды

Қазақстан мен Өзбекстан арасында қатынайтын пойыздарға билеттер арзандайды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Жолаушылар тасымалы" АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

  • 24 Мамыр 2017
  • 490
Фото - Caravan.kz

"Жолаушылар тасымалы" АҚ халықтың сұранысын қанағаттандыру мақсатында билетті сатып алу мерзіміне қарай Қазақстан мен Өзбекстан арасында тікелей қатынайтын және Өзбекстаннан Ресейге Қазақстан арқылы жүретін пойыздарға  жеңілдіктер енгізілетінін хабарлайды", — делінген хабарламада. 

Баспасөз өкілдерінің айтуынша, бұл жеңілідіктер 2017 жылдың 27 мамыры мен 28 желтоқсанына дейін   төмендегідей көлемде қарастырылған;

Купе және СВ вагондар үшін:

Пойыздың жүруінен 45 тәуліктен 31 тәулік бұрын сатып алса 45 пайыз жеңілдік.

Пойыздың жүруінен 30 тәуліктен 6 тәулікке дейін  сатып алса 35 пайыз жеңілдік.


Плацкарт вагондар үшін:

Пойыздың жүруінен 45 тәуліктен 31 тәулік бұрын сатып алса 35 пайыз жеңілдік.

Пойыздың жүруінен 30 тәуліктен 6 тәулікке дейін сатып алса 25 пайыз жеңілдік.

Бұл жеңілдіктер бір мемлекет ішіндегі маршруттарда және бір топ жолаушы бірге билет алған жағдайда қолданылмайды.
 

Соңғы жаңалықтар