Қазақстан мен Өзбекстан басшылары екіжақты өзара ынтымақтастық мәселелерін талқылады - kaz.caravan.kz
  • $ 443.35
  • 475.54
+4 °C
Алматы
2024 Жыл
27 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстан мен Өзбекстан басшылары екіжақты өзара ынтымақтастық мәселелерін талқылады

Қазақстан мен Өзбекстан басшылары екіжақты өзара ынтымақтастық мәселелерін талқылады

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарабев Астанаға Шанхай ынтымақтастық ұйымға мүше мемлекет басшыларының мерейтойлық саммитіне қатысуға келген Өзбекстан президенті Ислам Кәрімовпен кездесу өткізді, деп ҚР президенті баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 15 Маусым 2011
  • 367
Фото - Caravan.kz

«Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Өзбекстан Республикасының президенті Ислам Кәрімовпен кездесу өткізді. Кездесуде екіжақты қарым-қатынас мәселелері, сондай-ақ алдағы ШЫҰ отырысының күн тәртібі талқыланды», — делінген Ақ орданың ресми сайтында сейсенбі күні жарияланған хабарда.

Сондай-ақ баспасөз қызметі Н. Назарабев Үндістан сыртқы істер министрі Самахали Малалайя Кришнамен, БҰҰ бас хатшысының орынбасары Юрий Федотовпен, ШЫҰ бас хатшысы Мұратбек Иманалиевпен кездесті.

Одан басқа, Қазақстан президенті Қазақстан Астанасына Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттердің мемлекет басшыларының мерейтойлық саммитіне қатысуға келген жоғарғы мәртебелі қонақтармен, ШЫҰ-ға 10 жыл толуына орай «Қазақстан» Орталық концерт залында өткен мерекелік концертті тамашалады.

Мемлекет басшысымен бірге көрермендер залынан Ресей Президенті Дмитрий Медведев, ҚХР Төрағасы Ху Цзиньтао, Өзбекстан Президенті Ислам Каримов, Қырғызстан Президенті Роза Отынбаева, Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмон, Ауғанстан Президенті Хамид Карзай, Пәкістан Президенті Асиф Әли Зардари, сондай-ақ ШЫҰ-ның саммитіне қатысу үшін келген ресми делегациялардың мүшелері орын алды», — делінген хабарда.

15 маусымда ұйымның құрылғанына он жыл толуына арналған ШЫҰ-ның мерейтойлық саммиті өтеді.

Самитте ШЫҰ онжылдық декларациясын қабылдау жоспарланған, онда ШЫҰ аясындағы алдағы бірлескен жұмыстың бағыттары белгіленеді.

Сондай-ақ, ШЫҰ-ға мүше-мемлекеттердің 2011-2016 жылдарға арналған есірткіге қарсы стратегиясы мен оны орындау бағдарламасын қабылдау көзделген.

Бұған қоса, ШЫҰ-ға мүше-мемлекет статусын алуға өтініш берген мемлекеттің міндеттері туралы меморандумға және ШЫҰ-ға мүше-мемлекеттердің арасында денсаулық сақтау саласындағы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қою жоспарланып отыр.

ШЫҰ – 2001 жылы Қытай, Ресей, Қазақстан, Тәжікстан, Қырғызстан, Өзбекстан басшылары құрған аймақтық халықаралық ұйым.

Соңғы жаңалықтар