Қазақстан мен Өзбекстан екіжақты байланысты одан әрі нығайту жөнінде уағдаласты - kaz.caravan.kz
  • $ 441.58
  • 480
+19 °C
Алматы
2024 Жыл
17 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстан мен Өзбекстан екіжақты байланысты одан әрі нығайту жөнінде уағдаласты

Қазақстан мен Өзбекстан екіжақты байланысты одан әрі нығайту жөнінде уағдаласты

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Өзбекстан Республикасы президентінің міндетін уақытша атқарушы Шавкат Мирзиёевпен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды Өзбекстан президентінің баспасөз қызметі.    

  • 11 Қазан 2016
  • 502
Фото - Caravan.kz


Мемлекет басшылары жақында жоғары деңгейде өткен кездесулер аясында қол жеткізген сауда-экономикалық, инвестициялық, көлік және байланыс, мәдени-гуманитарлық және басқа да салалардағы өзара тиімді ынтымақтастықты дамытудың өзекті мәселелері бойынша уағдаластықтарды жүзеге асыру барысын талқылады. 

Тараптар түрлі деңгейдегі Қазақстан мен Өзбекстан делегацияларының жұмыс сапары қорытындысын, басым бағыттар бойынша маңызды іскерлік келісімдердің бекітілуін жоғары бағалады. Сонымен бірге, Нұрсұлтан Назарбаев пен Шавкат Мирзиёев аймақтық және халықаралық сипаттағы бірқатар мәселелер бойынша пікір алмасты.

Соңғы жаңалықтар
Тоқаев 71 жасқа толды
Жаңалықтар 17 Мамыр