«Екіжақты ұмтылыс — екі ел арасындағы тауар алмасуды еселеп өсіру мәселесін шешеді. Біз Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы еркін сауда аймағы туралы құжат дайындай бастайтын арнайы жұмыс тобын құру қажеттігі жөнінде байламға келдік», — деді И. Кәрімов.
Бұл ретте Өзбекстан басшысы маңызды тауарлардың 26 түрінің ішінде тек төртеуі ғана өзара сауда көлемінің 80-90 пайызын құрайтынын хабарлады. «Іс жүзінде жоққа тән тізім. Егер тауарлардың осы тізбегіне мұқият қарайтын болсақ, көлемін ұлғайтуға болатын және ауқымын кеңейтуге болатын тауарларды оп-оңай табуға болады», — деді ол.
«Осы проблемамен жақсылап айналысатын уақыт келді», — деп атап көрсетті И. Кәрімов. Оның айтуынша, екі ел арасындағы тауар айналымы жолында жатқан барлық бөгеттерді алып тастауға барлық жағдай жасау қажет. Мәселе тауар айналымын жеңілдетіп, жақсартатын әртүрлі жеңілдіктер кедендік және басқа да баж салықтарын біріздендіру туралы», — деп сөзін толықтырды президент.
Ресми мәліметтерге сүйенсек, Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы тауар айналымы 2007 жылы 1,4 млрд АҚШ долларынан асып жығылған.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті