Қазақстан мен Өзбекстан қауіпсіздік мәселесінде ынтымақтастықты күшейтпек - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+13 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстан мен Өзбекстан қауіпсіздік мәселесінде ынтымақтастықты күшейтпек

Қазақстан мен Өзбекстан қауіпсіздік мәселесінде ынтымақтастықты күшейтпек

Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі - Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы Владимир Жұмақанов өзбекстандық әріптесімен кездесті, деп

  • 25 Тамыз 2017
  • 387
Фото - Caravan.kz

Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі — Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы Владимир Жұмақанов өзбекстандық әріптесімен кездесті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Владимир Жұмақанов пен Өзбекстан президенті жанындағы Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы Виктор Махмудовтың төрағалығымен өткен жиында жоспарлы мәселелер талқылаудан өтті. Аталған іс-шараларға екі елдің тиісті мемлекеттік органдардың басшылары мен жауапты қызметкерлері қатысты. Кездесу барысында қазақ-өзбек әскери-техникалық ынтымақтастығын орнату, мемлекеттік шекараны күзету, сондай-ақ трансшекаралық су ресурстарды бірлесіп пайдалану мәселелері қаралды. Владимир Жұмақанов діни саладағы мемлекеттік реттеу аясында тәжірибе алмасудың маңыздылығына тоқталды. Сонымен бірге, құқық қорғау саласындағы екі ел мамандары арасында кездесу өткізудің маңыздылығын баса айтты Жиын қорытындысы бойынша тәжірибелік сипаттағы кейбір мәселелер жөнінде уағдаластықтарға қол жеткізілді. Өзбекстанның қауіпсіздік кеңесінің делегациясы «EXPO-2017» халықаралық көрмесін аралап, оның ұйымдастырылу деңгейіне жоғары баға берді.



 

Соңғы жаңалықтар