Қазақстан мен Қырғызстан азаматтары екі мемлекет аумағына 30 күн еркін кіріп-шыға алады - kaz.caravan.kz
  • $ 443.35
  • 475.54
+4 °C
Алматы
2024 Жыл
27 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстан мен Қырғызстан азаматтары екі мемлекет аумағына 30 күн еркін кіріп-шыға алады

Қазақстан мен Қырғызстан азаматтары екі мемлекет аумағына 30 күн еркін кіріп-шыға алады

Қазақстан мен Қырғызстан елдерінің Сыртқы істер министрлері Ерлан Ыдырысов пен Эрлан Абдылдаев екіжақты әріптестік туралы келісімге қол қойды, деп xабарлайды ҚазАқпарат.

  • 17 Қазан 2016
  • 556
Фото - Caravan.kz

Мәселен, «Қазақстан мен Қырғызстан Республикасы арасындағы Азаматтардың өзара визасыз жол жүрулері туралы» келісім бойынша екі ел азаматтары тіркеусіз 30 күн жүріп-тұра алады.

«Біз екі ел азаматтарының өзара келіп-кетуін реттейтін құжатқа қол қойдық. Бұл екі елдің азаматтарына тіркеусіз 30 күн жүріп-тұруға рұқсат беретін «Қазақстан мен Қырғызстан Республикасы арасындағы Азаматтардың өзара визасыз жол жүрулері туралы келісімге» өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы xаттама. Біздің азаматтарымыз асыға күтіп отырған xаттаманы Парламент ратификациялайды деген үміттемін», — деді Қырғызстан СІМ басшысы.

Өз кезегінде, Ерлан Ыдырысов аталмыш құжат екі мемлекет арасындағы қарым-қатынастардың тереңдеуіне белсенді ықпал етеді деген сенімділік білдірді.

Сонымен қатар министрлер шекарадағы өткізу пунктерінің мәселесін көтерді.


«Бұл жұмыс басталып кетті және ол өз нәтижесін береді. Біз осымен тоқтамай, азаматтардың өзара барыс-келісін жеңілдету үшін шекараның барлық пунктерінде жұмысты жалғастыра береміз», — деді Эрлан Абдылдаев.

Сондай-ақ сыртқы істер министрлері 2017-2018 жылдарға арналған Қазақстан мен Қырғызстан СІМ арасындағы әріптестік кешені бағдарламасына қол қойды. ҚР Ішкі істер министрі Қалмұxамбет Қасымов пен Қырғызстан Ішкі істер министрінің орынбасары Курсан Асанов «Тұлғалар реадмиссиясы туралы» келісімді бекітті. 

Соңғы жаңалықтар