Қазақстан мен Қырғызстан шекарасында қоныс-колониядан қашып кеткен сотталушы ұсталды - kaz.caravan.kz
  • $ 472.03
  • 540.29
+21 °C
Алматы
2026 Жыл
5 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстан мен Қырғызстан шекарасында қоныс-колониядан қашып кеткен сотталушы ұсталды

Қазақстан мен Қырғызстан шекарасында қоныс-колониядан қашып кеткен сотталушы ұсталды

Жамбыл облысының Күркесу ауылының маңында, Қазақстан мен Қырғызстан шекарасынан екі шақырым жерде қоныс-колониядан қашып кеткен қылмыскер ұсталды, деп хабарлады ҚР ІІМ ҚАЖК баспасөз қызметі.

  • 31 Наурыз 2014
  • 325
Фото - Caravan.kz


Белгілі болғандай, айыпталушы Жамбыл облысының Құмжота кентіндегі қоныс-колонияда жазасын өтеп жатқан. Ол өзінің еркін қозғалу құқығын пайдалана отырып, осы жылдың қаңтар айының ортасында жұмыс орнын тастап, белгісіз бағытта ізін жасырған.

Сол уақыттан бері оған іздеу жарияланған. Қылмыстық атқару жүйесінің қызметкерлері қазір оның ізіне түсті. Жазасын өтеуден жалтарғаны үшін жаза тағайындауда процессуалдық шешім қабылданған жоқ. Алайда қашқынға оған дейін өзінің екі жылға дейінгі жазасын өтеуі қажет.