Қазақстан мен Қырғызстанның мемлекетаралық кеңесінің отырысы барысында бірқатар құжаттарға қол қойылды - kaz.caravan.kz
  • $ 470.8
  • 545.99
+10 °C
Алматы
2026 Жыл
23 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстан мен Қырғызстанның мемлекетаралық кеңесінің отырысы барысында бірқатар құжаттарға қол қойылды

Қазақстан мен Қырғызстанның мемлекетаралық кеңесінің отырысы барысында бірқатар құжаттарға қол қойылды

Астана. 18 сәуір. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстан мен Қырғызстанның екінші мемлекетаралық кеңесінің отырысы барысында бірқатар құжаттарға қол қойылды, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі.

  • 18 Сәуiр 2008
  • 427
Фото - Caravan.kz

Екі елдің көлік және коммуникация министрліктері арасында Бішкек — Астана — Бішкек бағытындағы әуе қатынасын ашу жөнінде меморандумға қол қойылды.

Сондай-ақ, екі ел үкіметтері арасында қазақ-қырғыз үкіметаралық кеңесін құру туралы келісімге және ҚР президенті Н. Назарбаев пен Қырғызстан Республикасының президенті Қ. Бакиевтің бірлескен мәлімдемесіне қол қойылды.

Сонымен қатар, мемлектаралық кеңес отырысында 2003 жылдың 25 желтоқсанындағы Қазақстан Республикасы мен Қырғызстан Республикасы арасында одақтық қатынастар жөніндегі келісімге өзгерістер енгізу туралы хаттамаға қол қойылды.

2008-2010 жылдарға арналған Қазақстан Республикасы мен Қырғызстан Республикасы арасындағы ынтымақтастық бойынша шаралар жоспары бекітілді және 2007 жылдың 26 сәуірінде бекітілген Қазақстан Республикасы мен Қырғызстан Республикасының Жоғары мемлекетаралық кеңесі туралы ережеге өзгертулер мен толықтырулар енгізілді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті