Жарияланды: 430

Қазақстан мен Қытай лаңкестікпен және экстремизммен күрес саласындағы ынтымақтастық аясын кеңейтуді жоспарлап отыр

"Ғаламдық қауіпсіздік пен тұрақтылықтың шаңырағын шайқалтатын ең күрделі қатер- лаңкестік, сепаратизм және экстремизм" деп санайтын Қазақстан мен Қытай "осындай қауіп-қатермен күрес саласында екі және көп жақты деңгейдегі ынтымақтастықтар аясын кеңейтуге құлықты". Бұл туралы кеше, 17-мамырда екі елдің мемлекет басшылары Нұрсұлтан Назарбаев пен Ху Цзиньтао қол қойған бірлескен мәлімдемеде айтылған,- деп хабарлайды Синьхуа агенттігі.

Екі жақты келіссөздер мен келісімдер негізінде мемлекеттер "лаңкестіктің барлық түрімен, соның ішінде БҰҰ-ның Қауіпсіздік кеңесі тарапынан лаңкестік ұйым деп танылған ұйымдармен, атап айтсақ, аймақтағы қауіпсіздік пен тұрақтылыққа тікелей қауіп төндіретін "Шығыс Түркістан Ислам қозғалысымен де" тиімді күресті одан әрі жалғастырады",- делінген бірлескен мәлімдемеде. Сондай-ақ, екі ел бұған дейін қол қойылған келісімдер мен келіссөздерге сәйкес "қорғаныс мекемелері арасындағы байланыстарды, өзара барыс-келісті одан әрі жалғастырып, әскери-техникалық саладағы ынтымақтастықты дамыта түседі".

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін