Қазақстан мен Қытай таза энергияны дамыту саласында ынтымақтастығын арттырмақ - kaz.caravan.kz
  • $ 470.8
  • 545.99
+8 °C
Алматы
2026 Жыл
22 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстан мен Қытай таза энергияны дамыту саласында ынтымақтастығын арттырмақ

Қазақстан мен Қытай таза энергияны дамыту саласында ынтымақтастығын арттырмақ

Астана қаласында атом энергиясын бейбіт пайдалану саласындағы Қазақстан Республикасы мен Қытай Халық Республикасы

  • 16 Мамыр 2015
  • 636
Фото - Caravan.kz

ынтымақтастығы аясында таза энергияны дамыту бойынша семинар өтті, деп хабарлайды ҚР Энергетика министрлігінің баспасөз қызметінен.

Шараны China General Nuclear Power Group корпорациясы ұйымдастырды.

«Жиында реакторлық технология, қауіпсіздік жүйелері және реактордың ядролық отын мәселелерін қоса алғанда, Қытайдың атом энергетикасының дамуының қазіргі жағдайы туралы, CGN GROUP энергетикалық нысандарды салу бойынша инженерлік-техникалық мүмкіндіктері, сондай-ақ жел және күн энергетикасының дамуы жөніндегі баяндамалар ұсынылды», делінген хабарламада.


Семинарға ҚР Энергетика министрлігі, «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ, «Казатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ, «Самұрық-Энерго» АҚ, «KEGOC» АҚ, «Қазатомөнеркәсіп-Демеу» ЖАҚ, «ҚР Ұлттық ядролық орталығы» РМК, «Ядролық физика институты» РМК, «Қазақстанның ядролық қоғамы» қауымдастықтары, сондай-ақ Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің өкілдері қатысты.