Қазақстан мен Ресей Алматыда Ми тікұшағын құрастырады - kaz.caravan.kz
  • $ 487.02
  • 552.23
+20 °C
Алматы
2026 Жыл
25 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстан мен Ресей Алматыда Ми тікұшағын құрастырады

Қазақстан мен Ресей Алматыда Ми тікұшағын құрастырады

Екі елдің министрлері Ресейде құрастырылатын әуе борттары өндірісіне Қазақстанда шығарылатын өнімді интеграциялау мәселесін талқылады

  • 28 Тамыз 2019
  • 10
Фото - Caravan.kz

2020 жылдан бастап Қазақстан мен Ресей Ми азаматтық тікұшағын Алматы қаласында құрастыруға келісті, деп хабарлайды индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің баспасөз қызметі.

Қазақстанның индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Роман Скляр Ресейдің өнеркәсіп және сауда министрі Денис Мантуровпен кездесті

Ресейдегі Жуковский қаласында өтіп жатқан 14-ші "МАКС-2019" халықаралық ғарыш-авиация салоны аясында Қазақстанның индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Роман Скляр Ресейдің өнеркәсіп және сауда министрі Денис Мантуровпен кездесті.

"Кездесу барысында қос тарап 2020 жылдан бастап, №405 Алматы авиажөндеу зауытының базасында Ми азаматтық тікұшағын құрастыруға келісті", — делінген хабарламада.


Кездесу барысында қос мемлекет ұшақ құрастыру саласында жаңа жобаларды жүзеге асыруға уағдаласты. Бұл қазақстандық және ресейлік кәсіпорындарға бірігіп жұмыс істеуге мүмкіндік береді.