Қазақстан мен Ресей арасындағы тауар айналымы 30%-ға төмендеген - kaz.caravan.kz
  • $ 443.35
  • 475.54
+6 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстан мен Ресей арасындағы тауар айналымы 30%-ға төмендеген

Қазақстан мен Ресей арасындағы тауар айналымы 30%-ға төмендеген

Бұған бірқатар ішкі және сыртқы фактор әсер етті. Екі ел кәсіпкерлерінің қатысуымен өткен бизнес-форум барысында Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев пен әріптесі Владимир Путин серіктестік әлеуетін арттыруға кедергі болған тосқауылдарды жоюды тапсырды.

  • 4 Қазан 2016
  • 538
Фото - Caravan.kz


Қазіргі таңда Қазақстанда ресейліктердің қатысуымен 6 мыңнан аса кәсіпорын сәтті жұмыс істеп тұр. Олар мұнай өндіру және өңдеу өнеркәсібі, көлік, байланыс, машина жасау сияқты салаларда табысты қызмет етеді. Президенттер әсіресе көлік-логистикалық әлеуетті арттыруға ден қоюды тапсырды.

Владимир Путин, Ресей Федерациясының Президенті: — Шынымен де, екі ел арасындағы тауар айналымы біршама төмендеді. Бұған себеп көп. Жаһандық нарықтағы тұрақсыздық, валюта бағамдарының құбылуы мен шикізат бағасының шарықтауы. Бұл барлығына белгілі факторлар. Алайда, бұл күрделі кезеңде тап болған кедергілерге қарамастан, екі елдегі іскерлік қауымдастықтың бірлесе әрекет етуі нәтижесінде біз тауар айналымының тұрақты өсімін қамтамасыз етуге барымызды салатын боламыз. Екі елдің экономикалық серіктестік әлеуетін мейлінше дамытуға, жаңа жобалар санын арттыруға тырысамыз.

 

Соңғы жаңалықтар