Қазақстан мен Ресей ІІМ өкілдері ірі трансұлттық есірткі жеткізу арнасын жойды - kaz.caravan.kz
  • $ 448.89
  • 477.93
+19 °C
Алматы
2024 Жыл
18 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстан мен Ресей ІІМ өкілдері ірі трансұлттық есірткі жеткізу арнасын жойды

Қазақстан мен Ресей ІІМ өкілдері ірі трансұлттық есірткі жеткізу арнасын жойды

Қазақстан және Ресей ІІМ Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл жөніндегі бөліністері арнайы операция жүргізді.

  • 3 Мамыр 2022
  • 283
Фото - Caravan.kz

Нәтижесінде ірі трансұлттық синтетика жеткізу арнасы жойылды, — деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

ІІМ Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл департаменті бастығының міндетін атқарушы Асқар Мұхаметқалиевтің айтуынша, фигуранттарға жедел әзірлеме жасау үшін ІІМ орталық аппараты, полиция департаменттері мен Жамбыл облысы бойынша ҰҚК-нің тәжірибелі қызметкерлері арасынан арнайы топ құрылған. Омбы және Тараз қалаларында бір мезгілде жүргізілген іс-шаралар нәтижесінде полицейлер Ресей Федерациясындағы синтетикалық есірткі жөнелтушісін және Қазақстанда оны қабылдап алушыны ұстаған.

"Фигуранттардың тұрғылықты жері бойынша тінту барысында ірі есірткі зертханалары анықталды. Ұсталған Омбы қаласының тұрғыны "синтетиканы" дайындап, пошта жөнелтілімдері арқылы Орталық Азия елдеріне, оның ішінде Қазақстанға жіберіп отырған. Осы ретте ол жасанды құжаттарды пайдаланып, сәлемдемелерді түрлі тауарлар — машина майы, тұрмыстық химия және т.б. түрінде жасырып отырған", — делінген хабарламада.


Полицейлер жалпы сомасы 9,5 миллионнан астам АҚШ доллары болатын 260 келі қолдануға дайын есірткіні тәркілеген.

 

Соңғы жаңалықтар