Қазақстан мен Ресейдің бірлескен "Алдаспан-2008" атты әскери оқу-жаттығулары 3 қазанда Алматы түбінде өтеді
Астана. 30 қыркүйек. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстан мен Ресейдің бірлескен "Алдаспан-2008" атты әскери оқу-жаттығулары 3 қазанда Алматы түбінде өтеді, деп хабарлайды агенттік тілшісі ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. |
""Алдаспан-2008"атты Қазақстан мен Ресейдің бірлескен оперативтік-тактикалық, командалық -штабтық оқу-жаттығулары 3 қазанда Алматы түбіндегі Гвердейский ауылындағы жаяу әскерлерді оқыту орталығында өтеді", - деп хабарлайды баспасөз қызметі.
Қорғаныс министрлігінің мәліметінше, оқу-жаттығуларға Қазақстанның Қарулы Күштерінің "Оңтүстік" өңірлік қолбасшылығының басқарушы органдары мен республиканың аэроұтқыр әскерлері, РФ Әскери-әуе күштерінің бас қолбасшылығының оперативтік тобы, Су-25 звеносы мен РФ Қарулы күштері Бас штабы бас басқармасының арнаулы тобы қатысады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін