Қазақстан мен Сирия экономика саласында Таяу Шығыс пен Орталық Азия арасын байланыстырушы көпір бола алады - Н. Назарбаев - kaz.caravan.kz
  • $ 470.17
  • 547.47
+5 °C
Алматы
2026 Жыл
15 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстан мен  Сирия экономика саласында  Таяу Шығыс пен Орталық Азия арасын байланыстырушы көпір бола алады  - Н. Назарбаев

Қазақстан мен Сирия экономика саласында Таяу Шығыс пен Орталық Азия арасын байланыстырушы көпір бола алады - Н. Назарбаев

Астана. 7 қараша. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстан мен Сирия экономика саласында Таяу Шығыс пен Орталық Азия арасын байланыстырушы көпір бола алады. Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан - Сирия іскерлік кеңесінің бірінші отырысында осындай пікір білдірді. Іскерлік кеңес Қазақстан президентінің Сирия Араб Республикасына мемлекеттік сапары аясында өткізілген болатын.

  • 7 Қараша 2007
  • 733
Фото - Caravan.kz

Президенттің баспасөз қызметінің хабарлауынша, іскерлік кеңестің отырысында сөз сөйлеген Н. Назарбаев «экономика саласында екі мемлекет Таяу Шығыс пен Орталық Азия арасын байланыстырушы көпір бола алады», деді. «Ауылшаруашылығы, жеңіл өнеркәсіп, құрылыс, электр энергетикасы және мұнайгаз саласында бірлескен кәсіпорындар құру — келешегі бар бағыттар», — деді Қазақстан президенті.

Оның айтуынша, Қазақстан өз кезегінде Сирияға металлургия, тау-кен және химия өнеркәсібі, тұқым мен мал шаруашылығы өнімдерін сатудан мүдделі.

Н. Назарбаев Сирияның жеңіл өнеркәсібінің өнімдері бағасы мен сапасы жағынан Қытай, Иран, Түркия мен Ресейдің осы тектес тауарларынан кем түспейтініне назар аударды.

Президент екі елдің іскерлік өкілдерін ірі инвестициялық жобаларды бірлесе жүзеге асыруға шақырды.

Отырыста сөз сөйлеген президент «Қазақстан мен Сирияның іскерлік өкілдерінің бас қосуы екі ел арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастықты дамытуға септігін тигізетінін» атап өтті.

Өз сөзінде мемлекет басшысы, сондай-ақ, кейінгі уақытта Қазақстан экономикасының жыл сайынғы өсімі шамамен 10% құрап отырғанын атап өтті. Ағымдағы жылы еліміздің Жалпы ішкі өсімі 100 млрд долларға жетіп жығылды. Қазақстан нарықтық реформаларды жүзеге асыру тұрғысынан ТМД елдерінің аясында көшбасшы боылп табылады. Сонымен бірге республиканы Еуропалық Одақ пен АҚШ ТМД елдерінің арасынан бірінші болып нарықтық экономикаға ден қойған ел деп таныды.

Қазіргі жағдаймен Қазақстан экономикасына салынған тікелей инвестициялар 70 млрд долларды, ал ішкі инвестициялар көлемі 80 млрд долларға дейін өсті.

Бұл көрсеткіштер бойынша Қазақстан жан басына щаққанда тек ТМД елдерінің аясында ғана емес, Шығыс Еуропада да жетекші орынға көтерілді. Қазіргі таңда шетелдердің экономикасына Қазақстан жұмсаған инвестициялар 26 млрд долларға жетті. Еліміздің алтынвалюта резервтері 40 млрд долларды құрайды.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті