Қазақстан мен Түрікменстан арасында Каспийдің табанын бөлісу туралы келіссөздердің бірінші раунды Ашгабадта өтеді - kaz.caravan.kz
  • $ 443.35
  • 475.54
+6 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстан мен Түрікменстан арасында Каспийдің табанын бөлісу туралы келіссөздердің бірінші раунды Ашгабадта өтеді

Қазақстан мен Түрікменстан арасында Каспийдің табанын бөлісу туралы келіссөздердің бірінші раунды Ашгабадта өтеді

Маусымның 23-25 аралығында еліміз өкілдері Қазақстан мен Түрікменстан арасында Каспийдің табанын бөлісу туралы келіссөздердің бірінші раундын өткізу үшін Ашгабадқа аттанады. Бұл туралы бүгін, 11-маусымда мәжілістің пленарлық отырысында сөз сөйлеген ҚР сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Қайрат Әбусеитов халық қалаулыларына хабарлады .

  • 11 Маусым 2003
  • 505
Фото - Caravan.kz

Қ.Әбусеитовтың айтуынша, Каспийдің табанын секторларға бөлу туралы өз көзқарастарын теңізді қоршай орналасқан мемлекеттер қазіргі жағдаймен толық дәйектеп үлгерді. Алайда тараптар бөлісу әдістемесін қолдану тұрғысында өзара ортақ мәмілеге келе алмай отыр. ҚР СІМ-нің мәліметіне жүгінсек, Қазақстан, Ресей, Әзербайжан және Түрікменстан мемлекеттері жаппай мойындалған халықаралық құқық принциптеріне бағына отырып теңіз табанын модификациялық орта сызық арқылы бөлісуді ұсынса, Иран жағы Каспий теңізі табанының 20 проценті өз үлесіне тиетіндей басқаша бөліс принципін ұсынып отыр,- деді Қ.Әбусеитов.

«Таяудағы ахуал қазіргіден мүлдем басқаша болғанына қарамастан Қазақстан жағы ұсынған бөліс әдістемесі принципін Каспийді қоршаған мемлекеттердің басым бөлігі қолдады»,- деп мәлімдеген вице-министр теңіздің табанын бөлісуде аймақтағы жекелеген мемлекеттер Қазақстаннан өзгеше пікір ұстанғанын жеткізді.
«Каспий теңізі табанының солтүстік бөлігін өзара бөлісу туралы Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы келісімнің 1998-жылдың 6-маусымында қабылдануы және оның бекітілуі , соның нәтижесінде Қазақстанның өзіне қарасты секторда минералды шикізат өндіру құқығының заңдастырылуы Каспий төңірегіндегі мемлекеттердің осы мәселеге байланысты ұстанымын айқындауда маңызды роль атқарды «, — деп санайды ҚР сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары .
«Қазақстан мен Ресей тиімді мұнай кеніштерін игеруге қаржы тарту үшін инвесторларға жағдай жасаудың , соның ішінде бірінші кезекте олар салған қаржыға халықаралық-құқықтық кепілдік берудің жеткілікті екенін дәлелдеп берді»,- деп атап көрсетті Қ.Әбусеитов.

Соңғы жаңалықтар