Қазақстан мен Түркияның шикізаттық емес секторларда ынтымақтастығын кеңейту маңызды - ҚР Президенті
![]() |
Түркиямен ынтымақтастық Қазақстанның сыртқы саясатының басым бағытының бірі. |
Бүгін Ақордада Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев бірқатар елдің елшілерінен сенім грамоталарын қабылдау кезінде осылай деп мәлім етті.
«Бауырлас Түркиямен ынтымақтастық Қазақстанның сыртқы саясатының басым бағытының бірі болып табылады. Біз бауырластық пен ынтымақтастық дәстүрін жалғастырып, оның сабақтастығын сақтауға, өзара сенімнің стратегиялық серіктестікті нығайтуға ниеттіміз», - деді Елбасы.
Осы орайда Президент Қазақстанда түрік компаниялары табысты жұмыс жүргізіп жатқанын атап өтті.
«Экономиканың шикізаттық емес секторларында ынтымақтастық аясын кеңейте түсу маңызды», - деді Н.Назарбаев.
Өз кезегінде сенім грамоталарын тапсыру рәсімінен кейін Түркияның Елшісі Невзат Уянык осы беделді қызметін атқару барысында бауырлас елдер арасында орнаған жоғары қарым-қатынасты одан ары қарай нығайту жолында барша күш-жігерін жұмсайтындығын атап өтті.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін