С.Ермиловтың айтуынша, Қазақстан 2003-жылдың өзінде Украинаға 1,5-2 млрд. текше метр газ беруге дайын. Қазір «Украина мұнайгазы» ҰАК осы мәселе бойынша Қазақстан жағымен келіссөздер жүргізуде.
ҚР энергетика және сауда министрі Владимир Школьниктің айтуынша, бүгінде Одесса айлағы арқылы Қазақстан мұнайын тасымалдау көлемі 8 млн. тоннаны құрап отыр. Үстіміздегі жылы елімізде 52 млн. тонна мұнай өндіріледі, оның 8,5 млн. тоннасы Қазақстаннның өз қажеттігіне жұмсалса, 44 млн. тоннасы шетелдерге шығарылмақшы.
Қазақстан мұнайын Украина аумағы арқылы тасымалдаушы оператор міндетін «ҚазақМұнайГаз ҰК » ЖАҚ мен Украинаның «Украина мұнайгазы» ҰАК атқаратын болады.