Қазақстан мен Украина парламентаралық ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды - kaz.caravan.kz
  • $ 472.03
  • 540.29
+20 °C
Алматы
2026 Жыл
5 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстан мен Украина парламентаралық ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды

Қазақстан мен Украина парламентаралық ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды

Бүгін, 10-қарашада Астанада Қазақстан парламенті мәжілісінің төрағасы Орал Мұхамеджанов пен Украина Жоғарғы радасының спикері Владимир Литвинов парламентаралық ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 10 Қараша 2005
  • 357
Фото - Caravan.kz

«Бұл құжат екі елдің өзара конструктивті байланыс орнатуға мүдделі екеніне дәлел болады»,- деді О.Мұхамеджанов.

Мәжіліс төрағасының мәліметіне сәйкес, Қазақстан мен Украина арасындағы тауар айналымы 2005-жылдың 9 айында 751 млн. долларды құрады. «Бұл ауқымды көрсеткіш»,- деді О.Мұхамеджанов.
Өткен жылдың қорытындысы бойынша екі ел арасындағы тауар айналымы 1160 млн. долларды құрады. «Биыл бұл көрсеткіштен асып жығыламыз деген болжам айтуға толық негіз бар» деді мәжіліс спикері.