Жарияланды: 360

Қазақстан мен Вьетнам арасындағы әуе рейсін ашу мәселесі талқылануда

Қазіргі кезде Қазақстан мен Вьетнам арасындағы әуе рейсін ашу мәселесі талқылануда. Бұл туралы бүгін журналистермен кездескен Вьетнам Социалистік Республикасының Қазақстандағы Төтенше және өкілетті елшісі Ву Тхе Хиеп мәлім етті.

Оның хабарлауынша, Қазақстан мен Вьетнам арасындағы әуе рейстерімен жеке меншік компания айналысуы мүмкін. «Бұл мәселе 2-3 жылдың ішінде өз шешімін таппақ», - дейді Ву Тхе Хиеп. Елші атап көрсеткендей, Вьетнамның тылсым табиғатын көргісі келетін қазақстандық туристердің саны жыл сайын артып келеді. Айта кетейік, бүгінде Қазақстанның азаматтары Вьетнам еліне Ресей, Тайланд немесе Қытай арқылы ұшуға мәжбүр. Бұл қосымша шығындарды қажет етеді.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін