Жарияланды: 460

Қазақстан мұсылмандары одағы президентінің әйелі күйеуінен таяқ жегенін айтып, оны айыптады

Қазақстан мұсылмандары одағы президентінің әйелі күйеуінен таяқ жегенін айтып, оны айыптады Сурет - Smi24.kz

Қазақстан мұсылмандары одағы президенті Мұрат Телібековтың әйелі 10 жасар балаларының көзінше таяқ жегенін айтып, күйеуін айыптады.

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Arbat.media басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Екатерина Чеканованың айтуынша, бірнеше жыл бойы ерлі-зайыптылар арасында жанжал болып, тіпті қол жұмсауға дейін барған. Жақында ғана олардың арасында үлкен жанжал болып, Телібеков баланың көзінше әйелін ұрған. Мұсылмандар одағы президентінің әйелі құрбысына қоңырау шалып, оны алып кетуін сұраған. Алайда, ол келген кезде, күйеуі оларға шабуыл жасаған.

Бұған байланысты Телібековтың өзі пост жариялап, керісінше әйелінің құрбысын айыптады. Телібеков белгісіз біреулер үйлеріне шабуыл жасап, ақша талап етіп, 10 жасар қызын ұрлап кетпек болғандарын жазды.

"Баланың көзінше әкесін қорлап, оған жәбір көрсетті. Кішкентай қыз психологиялық зақым алды", - деп жазды ол.

 

МИНИСТРУ МВД РК ГЕНЕРАЛЬНОМУ ПРОКУРОРУ РК ДЕПАРТАМЕНТ ПОЛИЦИИ Г. АЛМАТЫ В квартиру М. Телибекова ворвались неизвестные лица. Нанесены побои. Вынужден был обратиться за помощью в Скорую помощь. Пропала крупная сумма денег. Предпринята попытка похитить 10 летнюю дочь. Есть основание полагать, что преступники находились в состоянии алкогольного и наркотического опьянения. На глазах ребенка хулиганы избивали, оскорбляли и унижали ее отца. Девочка получила тяжелую психологическую травму. Надеюсь, что руководство ОП Ауэзовского района в лице подполковника Ельнура Кудретбаева примет все меры для объективного расследования

Posted by Murat Telibekov on Sunday, August 14, 2022

Сонымен бірге, әлеуметтанушылар мен психологтар патриархалды көзқарастар қазақстандықтардың қатыгездігіне кінәлі екендігімен келіседі, онда күш табынушылық басым болады және көбінесе бұл күш өздері үшін тұра алмайтын әлсіздерге қарсы қолданылатындарын жеткізді.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін