Қазақстан Мұсылмандары одағының басшысы қамауға алынды - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+8 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстан Мұсылмандары одағының басшысы қамауға алынды

Қазақстан Мұсылмандары одағының басшысы қамауға алынды

Мұрат Телібеков көлікте көз жұмған жүргізушіні видеоға түсіргені үшін ұсталған, дегенмен Мұсылмандар одағы оны белгісіз біреулер ұрып кеткенін мәлімдеді

  • 20 Желтоқсан 2017
  • 206
Фото - Caravan.kz

"Қазақстан Мұсылмандары одағы" бірлестігінің басшысы Мұрат Телібеков көлікте көз жұмған жүргізушіні видеоға түсіргені үшін ұсталды, деп хабарлады Sputnik Алматы ІІД ресми өкілі Салтанат Әзірбекке сілтеме жасап. 

Полицияның мәліметінше, Тимирязев көшесімен келе жатқан жүргізуші өзін жайсыз сезініп, жол шетіне тоқтап, сол жерде көз жұмған. ІІБ қызметкерлері қажетті шараларды қолға алып жатқан кезде оқиға орнына Телібеков келген. Ол туыстарынан рұқсат алмастан, қаза болған адамның мәйітін видеоға түсіре бастайды.

"Туыстары ескерту жасаған, бірақ оны елемеген. Сол кезде Телібеков пен марқұмның әкесінің арасында жанжал шыққан. Жол полициясының экипажы Телібековті тұтқындап, түсіндіру жұмысын жүргізу үшін АІІБ-ге жеткізеді. Сол жерде ол өзін ренжіткендердің үстінен арыз жазды, содан кейін оны босатып жіберді", — деді С.Әзірбек.

Мұрат Телібековтің соққығы жығылғаны туралы хабарламаны кеше Қазақстан Мұсылмандары одағы таратқан болатын. Оқиға 19 желтоқса күні Әл Фараби атындағы ҚазҰУ аумағында болған. 


"Университет студенттері мен оқытушыларының көз алдында белгісіз біреулер М.Телібековты ұрып-соқты… Соққыға жығылған құқық қорғаушыны полицейлер көлікке күштеп мінгізіп, ұялы телефонын тартып алып, Бостандық  АІІБ-ге алып кетті", — деп жазылған ҚМО хабарламасында.  

"Қазақстан Мұсылмандары одағы" бірлестігі 2005 жылы жеке қор ретінде тіркелген.   

Соңғы жаңалықтар