Бұл туралы ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді.
Бұл жауап ретіндегі сапар болмақ. «Таяуда Астанада НАТО өкілдері мен Қорғаныс министрлігі, Бас штаб, ҚР Қарулы күштерінің құрылымдық бөлімшелері арасында келіссөздер аяқталды», делінген баспасөз қызметінің бүгінгі хабарламасында.
Осы бағдарлама шеңберінде ҚР Қорғаныс министрлігі жүргізген бүкіл жұмысты зерттей келе НАТО маманжары «Қазбриг» бітімгерлік дайындығына, республика мен әріптес елдердің тілдік және бітімгерлік дайындығына оң баға берді.
Баспасөз қызметінің мәліметі бойынша, Қазақстан 2002 жылдан бері «Болжау және талдау үрдісі» бағдарламасына қатысады.