Қазақстан Непалда іздеу салынған барлық отандастарымызбен байланыс орнатылды – СІМ - kaz.caravan.kz
  • $ 470.8
  • 545.99
+9 °C
Алматы
2026 Жыл
23 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстан Непалда іздеу салынған барлық отандастарымызбен байланыс орнатылды – СІМ

Қазақстан Непалда іздеу салынған барлық отандастарымызбен байланыс орнатылды – СІМ

Непалда жер сілкінісі кезінде болған Қазақстан азаматтары зардап шекпеді. Бұл туралы ҚР СІМ мәлімдеді.

  • 28 Сәуiр 2015
  • 369
Фото - Caravan.kz


«Непалда іздеу салынған барлық 17 Қазақстан азаматымен байланыс орнатылды, бәрі орнында», — деп бүгін Twitter парақшасына Қазақстан СІМ өкілі Алтай Әбибуллаев мәлімдеді.
Оның айтуынша, отандастар әуежай ашылған жағдайда эвакуацияланады.
Сенбі күні Непал астанасы маңында магнитудасы 7,9 құрайтын жер сілкінісі болды. Зілзала салдарынан 4350 астам адам қайтыс болып, 8 мыңнан астам адам жарақат алды.