Қазақстан өкілдері АҚШ-тағы сайлау барысын бақылайды - kaz.caravan.kz
  • $ 489.39
  • 567.5
+25 °C
Алматы
2026 Жыл
18 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстан өкілдері АҚШ-тағы сайлау барысын бақылайды

Қазақстан өкілдері АҚШ-тағы сайлау барысын бақылайды

Қазақстан Орталық сайлау комиссиясының өкілдері АҚШ-та федералды сайлау барысын бақылайтын болады,

  • 4 Қараша 2014
  • 1281
Фото - Caravan.kz


деп хабарлады сейсенбіде ОСК баспасөз қызметінен.
Ақпаратқа қарағанда, бақылаушы ретінде ОСК мүшесі Ләззат Сүлейменді, "ОСК Инженерлік-техникалық орталығы" директорының міндетін атқарушы Донат Байғараевты, ОСК аппаратының қаржылық-бақылау бөлімінің меңгерушісі Маржан Мұхаметованы Халықаралық сайлау жүйелері қоры шақырған.
Олар Мэриленд, Виржиния штаттарында және АҚШ астанасы Вашингтонда (Колумбия округі) конгресс депутаттарының сайлауы барысын бақылайтын болады.
Сайлау 4-қараша күні өтпек.