Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, «10 сәуірде Ашғабат қаласында сыртқы істер министрлері деңгейінде «Еуропа Одағы-Орталық Азия Үштігі» кездесуі болып өтті, оның жұмысына Сыртқы істер министрі Марат Тәжин бастаған қазақстандық делегация қатысты».
Кездесудің күн тәртібі ЕО мен Орталық Азия арасындағы «Жаңа серіктестік стратегиясын» іске асыру, білім, құқық үстемдігі, сауда мен экономика, энергетика мен қоршаған ортаны қорғау, сондай-ақ ортақ қауіптер мен бірқатар халықаралық сипаттағы проблемаларға қарсы тұру салаларындағы өңірлік ынтымақтастық мәселелерін талқылау көзделген.
Қазақстандық тарап Стратегияны іске асыру жөніндегі қызметті жеке бағыттар бойынша жұмылдыруды ұсынбақ. Нақты жобаларды жүзеге асыруды талап ететін бірінші кезектегі салалар ретінде білім беру, көлік пен қоршаған ортаны қорғау салалары аталатын болды.
Стратегияның іс жүзінде жүзеге асырылуын жүйелендіру мақсатында ынтымақтастыққа жалпы алғанда білім саласында халықаралық тәжірибеге сай Қазақстанда өңірлік электрондық білім жүйесін енгізу ұсынылмақ .
Қазақстан сонымен қатар, ықпал ету инструменттері, оқыту мүмкіндіктері мен өңір қажеттіліктерін европа мамандарын тарта отырып, кешенді зерттеу, бағалау қажет деп есептейді.
Біздің ел энергетика саласындағы халықаралық тасымалдау жобаларын оның ішінде үкіметаралық деңгейдегі Еуропалық Одақтың ИНОГЕЙТ бағдарламасы сол сияқты жургізіліп отырған Энергетика Хартиясы шеңберіндегі жобаларды жузеге асырудағы ынтымақтастықты жалғастыра бермек.
Тасымалдау саласындағы ережелер мен бағаларды реттеуге мүмкіндік беретін болашағы бар халықаралық жобаларға да көңіл бөлінуде.
Біздің ел үшін Еуропалық Одақ пен Орта Азия мемлекеттерімен экология саласындағы оның ішінде су ресурстарын қолдану мәселелеріндегі ынтымақтастықты жалғастыру маңызды бағыттардың бірі.
Евразия континентіндегі су ресурстарын сақтау және зерттеу, Орталық Азиядағы өңірлік экологиялық орталықты дамыту мәселелерін шешу мақсатында салынып жатқан Астана қаласындағы Евразиялық су орталығы құрылысында экологиялық таза русурс сақтау технологияларын стратегия құралдарын қолдана отырып енгізу ұсынылмақ.
Қазақстан жағы сонымен қатар заң үстемділігі және демократия мәселелерінде Еуропалық одақпен ынтымақтысьықты жандандыра түседі.
Сауда — экономикалық саласында Орта Азия мемлекеттері интеграциясы механизмдерін қалыптастыру үшін олардың нарықтық кезеңге өтуі және бәсекелестік деңгейін көтеру үшін Еуропалық Одақ стратегиясын қолдануды ұсынбақ.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті