Жарияланды: 20

Қазақстан оқушылары Еуропа мен ЕАЭО-ға қарағанда онлайн форматта ұзақ оқыды

Қазақстан оқушылары Еуропа мен ЕАЭО-ға қарағанда онлайн форматта ұзақ оқыды

ҚР мектептері рекордтық 11 ай және 3 аптаға жабылды, оның ішінде 2,5 айға жуығы — толық, 8 ай және 3 апта — жарым-жартылай уақытқа мектептер жабылды.

 Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Ranking.kz-қа сілтеме жасап хабарлайды.

Коронавирустық шектеулер қазақстандық мектептерге ОА, ЕАЭО, сондай-ақ Еуропаның кейбір елдеріне оның ішінде дамыған елдерге қарағанда көбірек әсер тигізді.

Қырғызстанда мектептердің жабылуы 6,5 айға, Ресей, Армения және Өзбекстанда шамамен 3 айға созылды. Ал "ковид — диссидент" елдерінде (мысалы, Тәжікстан, Түркіменстан немесе Беларусь) мектептер жабылмады.

Егер Еуропа елдері туралы айтатын болсақ, Польшада (10 ай және 3 апта) және Германияда (9,5 ай) мектептер қашықтан оқыды. Алайда қазақстандық оқушылар онлайн оқу жүйесінде еуропалықтардан қарағанда ұзағырақ болды.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін