Жарияланды: 240

Қазақстан орта ғасырларда қалып қойды: Ресейлік БАҚ еліміз туралы не жазуда?

Қазақстан орта ғасырларда қалып қойды: Ресейлік БАҚ еліміз туралы не жазуда? Сурет - Strategy2050.kz

Қазақстан туралы ресейлік БАҚ не жазуда?

Caravan.kz медиа порталы әдеттегідей ресейлік басылымдарға көз жүгіртіп, көршілес елдің БАҚ-ның Қазақстан туралы, қазақтар жайлы не жазып жатқанына шолу жасап көрді.

Қазақстан орта ғасырларда қалып қойды

Ресейдің Ұлттық стратегия институтының халықаралық жобалар жөніндегі директоры Юрий Солозобовтың Pravda.Ru сайтына берген сұхбатында Қазақстан өзін ұлтаралық келісім жағдайы деп жариялады, ал қазір «ортағасырлық варварлық қырғын» орын алғанын айтты.

«Куәгерлер арнайы бөтелкелермен дайындалып келген адамдардың барын айтты. Мен жоғары билік пен Президент Тоқаевтың сөзіне сенемін. Ол өзінің Twitter желісіндегі парақшасында бұзақылық жағдайдың орын алғанын және кейбір ұйымдастырдың себебінен болғанын айтты», - деді Юрий Солозобов.

Оның айтуынша, бейнебақылаудан полиция қызметкерлерінің бұзақыларға араша түспей, тіпті оларды күзеткен.

«Қазақстанның құқық қорғау органдары бір тәулік бойы еш жара қолданбады. Не жағдай болды? Неге оған жол берді? Мемлекеттік атқарушы билік, жергілікті билік қайда қарады, және жұрт мақтаған Қазақстан халқы Ассамблеясы қайда болды? Бұл өте маңызды сұрақтар, әлі жауап жоқ », - деді Юрий Солозобов.

Хоккейден Қазақстан құрамасы Олимпиадаға тағы да қатыспайды

Хоккейден Қазақстан құрамасы 2022 жылғы Олимпиада ойындарына іріктеудің үшінші кезеңінің финалдық матчында Польшадан жеңілді (2: 3).

Бұл туралы Sport24.ru басылымы хабарлайды.

Қазақстан құрамасының шабуылшысы Дастин Бойд екі гол соқты. Жеңімпаздардың ішінде голдарды Бартош Зюра, Мартин Пшигодский және Макей Урбанович соқты.

Польша құрамасы үшінші іріктеу кезеңінің H тобында бірінші орынды иеленді және іріктеудің төртінші кезеңіне өтті, олар Латвия, Италия және Франциямен бір топта ойнайды.

Қазақстан құрамасы төртінші жыл қатарынан Олимпиада ойындарына қатыспайды.

Беларусь пен Қазақстан мұнай жеткізу бойынша келіссөздерді жалғастырады

Беларусь тарапы қазақстандық компаниялармен республикаға мұнай жеткізу мәселесі бойынша консультациялар жүргізуді жалғастыруда.

Бұл туралы дүйсенбіде, 10 ақпанда «Белнефтехим» мемлекеттік концернінің баспасөз хатшысы Александр Тищенко хабарлады, - деп жазады “Вечерняя Москва” басылымы.

Оның айтуынша, Қазақстанда келіссөздердің бірінші кезеңі аяқталды. «Белнефтехим» өкілдері Минскіге оралды. Болжам бойынша жұмыс жалғасады.

«Жұмыс процессі жалғасуда, Беларусь делегациясының Қазақстанда болуы міндетті емес», - деп түсіндірді Тищенко.

 

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін