Қазақстан Өзбекстан президентінің екі елдің арасында еркін сауда аймағын құру жөніндегі ұсынысын қолдайды - Назарбаев - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстан Өзбекстан президентінің екі елдің арасында еркін сауда аймағын құру жөніндегі ұсынысын қолдайды - Назарбаев

Қазақстан Өзбекстан президентінің екі елдің арасында еркін сауда аймағын құру жөніндегі ұсынысын қолдайды - Назарбаев

Астана. 27 қараша. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстан Өзбекстан президенті Ислам Кәрімовтың екі ел арасында еркін сауда аймағын құру жөніндегі ұсынысын қолдайды. Бүгін Ақордада Өзбекстанның Қазақстандағы төтенше және өкілетті елшісі Фаррух Тұрсыновтан сенім грамотасын қабылдау рәсімінде Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев осылай мәлімдеді, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

  • 27 Қараша 2008
  • 526
Фото - Caravan.kz

«Осы жылдың сәуір айында Қазақстанға жасаған ресми сапарының барысында Өзбекстан президенті Ислам Кәрімов біздің елдер арасындағы еркін сауда аймағын құруды ұсынған болатын. Біз аталмыш ұсынысты қолдаймыз. Өйткені Қазақстан біздің өңірдегі барлық елдердің экономикалық интеграциясын әрқашан қолдайды», деді Н. Назарбаев.

Елбасы жақын көршіміз Өзбекстанмен қарым-қатынас Қазақстанның сыртқы саясатында әрқашан басымды орынды алатындығына тоқталды.

«Біздің екі ел арасындағы стратегиялық серіктестік соңғы жылдары айтарлықтай жанданды. Бізде болашағын бірге құрып жатқан екі елді жақын, бауырлас көрші ретінде анықтайтын мемлекеттік-құқықтық құжаттардың толық топтамасы бар. Ең алдымен бұған жоғары деңгейдегі өзара сапарлардың барысында қол жеткізілген уағдаластықтар ықпал етуде», деді ол.

«Екі елдің президенттерінің қамқорлығымен мемлекетаралық үйлестіру кеңесінің тетігі іске қосылды. Орталық Азиядағы қауіпсіздік пен тұрақтылықты қамтамасыз ету, Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы экономикалық, мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты одан әрі дамыту үшін біздің екі жақты, өзара пайдалы ынтымақтастығымыздың әлеуетін бұдан былай да кешенді пайдалану қажет», деді Елбасы.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Соңғы жаңалықтар