«Өзбекстанда, бірінші кезекте, біздің өңірдегі маңызды және ірі серіктесіміз болып табылатын ең жақын мемлекет — Қазақстанмен арадағы қатынастардың дамуы мен тереңдеуін жоғары бағалайды және айрықша назар салады», — деді И. Кәрімов.
Бұл ретте ол Орта Азия өңіріндегі тұрақтылық, бейбітшілік пен қауіпсіздікті сақтаудағы Қазақстан мен Өзбекстан елдеріне артылған жауапкершілікті тараптар жақсы түсінетінін атап өтті.
Өзбекстан президенті сондай-ақ, пікір алмасумен және Қазақстан басшысы тарапынан болған түсіністікке қанағаттанатынын жеткізді.
«Іс жүзінде біздің елдеріміз, өңір үшін ортақ болып отырған мәселелер бойынша пікір алмасу мен үшін маңызды», — деп толықтырды И. Кәрімов.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті