«Қазақстан» полигонында жарылыс боп, 10 сарбаз жараланды - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+13 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
«Қазақстан» полигонында жарылыс боп, 10 сарбаз жараланды

«Қазақстан» полигонында жарылыс боп, 10 сарбаз жараланды

«Қазақстан» полигонында «белгісіз зат жарылып», 10 әскери қызметкер жараланды.

  • 15 Тамыз 2018
  • 54
Фото - Caravan.kz

Қазақстан Қорғаныс министрлігі баспасөз қызметінің 15 тамыз күні хабарлауынша, оқиға 14 тамыз күні нысана көздеу алаңын дайындау кезінде болған деп жазды Азаттық.

Зардап шеккен тоғыз әскери қызметкерге полигон басында жедел дәрігерлік көмек көрсетілген.

«Қазір сарбаздардың денсаулығы бір қалыпты, оларға тиісті медициналық жәрдем көрсетіліп жатыр» делінген хабарламада.


Бұл факт бойынша тергеу басталған. Оқиғаның мән-жайы толық айтылмайды.

Соңғы жаңалықтар